Бірнеше күн бұрын Business Insider, барлығы 533 млн фейсбук-аккаунттың мәліметі жария болғанын хабарлаған еді.
InformMedia ақпарат агенттігі бұл мәліметті тексергенде, жария болған файлдарда қазақстандық 3 млн аккаунттың бары расталды.
Алайда жария болған мәліметтер SMS және пошта спамы болмаса, басқа қауіп төндіретіндей емес. Барлығы – қолданушы өзі онсыз да жария түрде қойған мәліметтер ғана. Ал – құпиясөз, жеке чаттар тізімі, банлист, «достық инфраструктурасы» сияқты қауіпті мәліметтер файлдарда жоқ.
Тексере келгенде, Facebook қолданушыларының мәліметтері мемлекеттер бойынша файлдарға жіктеліп, түрлі хакерлік форумдар мен файл-серверлерде тарап кеткені анықталды.
Осы оқиғадан кейін кейбір қазақстандықтардың телефонына түсініксіз SMS-тер келе бастағаны туралы қауесет шықты. Алайда олардың мазмұны – көбіне қазақстандық компаниялардың науқандары туралы екен. Сондықтан мұны жай, сәйкестік деп топшылау қалып тұр.