TechБасты

«.KZ» және/немесе «.ҚАЗ» домендік атауы бар серверлерді ҚР аумағына ауыстыру мерзімі ұзартылды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «.KZ» және/немесе «.ҚАЗ» домендік атауы бар серверлерді 2021 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының аумағына ауыстыру мерзімдерінің ұзартылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында 2020 жылғы қазанда Министрлік «Қазақстандық желілік ақпарат орталығына» Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде серверлік инфрақұрылымды орналастыру бөлігінде талаптардың бұзылуы туралы 2020 жылғы 30 қарашаға дейін орындау мерзімімен хабарлама жіберді.

Сондай-ақ, 45 мыңнан астам домендік атаудың иелері хабарлама алды, олардың 4 мыңға жуығы анықталған бұзушылықтарды жойды.

Сонымен қатар, Министрлікке домендік атаулар иелерінің осы рәсімді техникалық іске асыру бойынша уақытты және қаржылық шығындарды қайта бөлуді талап ететінін ескере отырып, талаптарды орындау мерзімін ауыстыру туралы көптеген өтініштері келіп түсуде.

Осыған байланысты, Министрлік серверлерді беру мерзімін 2021 жылғы 1 ақпанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Ағымдағы кезеңде барлық домендік атаулар штаттық режимде жұмыс істейді.

Бұдан басқа, домендік атауды тіркеу туралы келісіммен (жария оферта шарты) танысу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button