SocialБасты

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 235 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 235 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен 443,9 мың отбасы қамтылды, соның ішінде қазанда жәрдемақының бұл түрін 447,4 мың отбасы жалпы сомасы 24,9 млрд теңгеге алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button