ӘлемБасты

Еуропа карантин шектеуін біртіндеп алып тастап жатыр

Мамырдың басынан бастап Еуропаның бірқатар елінің билігі коронавирус пандемиясының үшінші толқынына байланысты Еуропалық Одақта енгізілген қатаң ковидтік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдетіп жатыр. Бұл туралы Тourdom басылымы хабарлады.

Сонымен қатар, ЕО-ның көптеген мүшесі шетелдік туристерді қабылдауға дайындалып жатыр.

Атап айтқанда, Грекияда дүйсенбіден бастап мейрамханалар, барлар мен дәмханалар ашық болады. Олар қонақтарға тек жазғы алаңдар мен верандаларда 22:45-ке дейін қызмет ете алады. Коменданттық сағаттың басталу уақыты 22:00-ден 23:00-ге ауысады. Ел біртіндеп жазғы туристік маусымның басталуына дайындалы жатыр. Сәуірде «жасыл аймақ» елдерінен келген саяхатшылар үшін міндетті карантин алынып тасталды.

Италияда да шектеулер жеңілдеп жатыр. Көптеген туристік аймақта, мысалы Венецияда, тамақтану орындарына қонақтарды сыртқы алаңға отырғызуға рұқсат етілді, бірақ 1 маусымға дейін жабық ғимаратқа кіруге болмайды. Дәл осы айда ел билігі шетелдік саяхатшылар үшін шекараны ашуға уәде берді.

Осындай шешім Эстонияда да қабылданды. 3 мамырдан бастап мейрамханалар мен дәмханаларға таза ауада қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, туристер қайтадан галереяларға, көрме залдарына және музейге кіре алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button