PoliticsБасты

Тәуелсіз Қазақстанның үлкен жетістігі бұл Астана

Астана қаласының салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болды. Бұл туралы Астананың бауырлас қалалары форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ақорда.

«Бүгін бауырлас қалалардың басшылары осы форумда бас қосып отыр. Әлемнің әр түкпірінен арнайы келген мәртебелі меймандар бар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздермен Астана қаласында кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Биыл біздің елордамызға 25 жыл толып отыр. Бұл – мерейлі белес. Біз ширек ғасыр бұрын астанамызды Алатаудың баурайынан Арқа төсіне көшірдік. Есілдің жағасына ел қондырып, жаңа қаланың іргесін қаладық. Бүгін осы маңызды жиынға елорданың бұрынғы әкімдері, қаламыздың құрметті тұрғындары, еңбек ардагерлері, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер қатысып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент осы қайраткерлер Тәуелсіз Қазақстанның тірегі болған Астананың құрылысына белсене атсалысқанын, кеңес заманындағы ескі шаһардың қазіргі заманға сай озық қалаға айналуына зор үлес қосқанын айтты.

«Мен баршаңызға шынайы алғыс айтамын. Шын мәнінде, Астана қаласының салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болды», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, осы уақытта елордада Астананың бауырлас қалалары форумы өтіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button