EcoБасты

Көбейтұз қызғылт көліне қауіп төнді

Шектеу шараларына байланысты тұрғындар демалуға шет ел аса алмай қалды.

Есесіне, Ерейментау ауданындағы қызғылт түсті көлге барушылардың саны күрт өсті. Көбейтұздың танымалдығы артқан сайын оған төнер қауіп те ұлғая түсті, деп хабарлайды Хабар24

Өйткені көлдің бірегей экологиялық жүйесін қорғау механизмі әлі қарастырылмаған.

Қызғылтым түсті Көбейтұз көлі жайлы көпшілік былтыр ғана біле бастады. Содан бері көз қызықтырар көріністер әлеуметтік желіде жиілеп кетті. Бірақ көлдің реңі үнемі осындай бола бермейді.

Негізі жергілікті әкімдік арнайы қаулы шығарған. Осыған сәйкес, бұл жердің тұзы мен батпағын алуға болмайды. Алайда мұны қадағалау қиын. Өйткені көлді қызықтағысы келетіндердің саны күннен-күнге артып барады. Демалыс күндері бұл жерге 500-ге жуық адам келеді екен.

Әсия Сейітәлиева, туристік компания гиді:

– Негізінен біз көлдің қызғылт түске бөленуі жайында түсіндіреміз. Әсіресе, қатты ыстық болған жылдары дуналиелла деп аталатын балдыр шамадан тыс көбейеді екені. Сол кезде микробактериаларды түзеді. Дәл осы бактериялар қызғылтым реңк береді.

Ал жергілікті тұрғындар тұзды көлді бұрыннан біледі. Бөгенбай батырдың ұрпағы, Жылқыбайдың баласы Көбейдің жайлауы ретінде ертеден танымал. Көл атауының тарихы осыдан шығады. Айта кетерлігі, қызғылт түске боялатын бұл жалғыз ғана көл емес. Павлодар облысындағы Коряковка көлі де дәл осындай қасиетке ие.

Емдік қасиетімен белгілі Көбейтұз көліне шомылу мүмкін емес. Тым таяз. Дегенмен әсем сурет үшін келгісі келетіндер саны артпаса, кемімейтіні мәлім. Осы ретте жергілікті әкімдік арнайы қоқыс жәшіктерін қойған. Алайда көл маңын күтіп баптайтын ешкім болмағандықтан, тазалық пен тәртіпті қадағалау оңайға түспейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button