Politics

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған лицензияларды алуға өтініштер қабылдау басталады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі а.ж. 27 наурызынан бастап МЖҚҚББ-ға жаңадан енгізілген учаскелер бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған лицензияларды алуға өтініштерді қабылдайтынын хабарлайды. Өтініш беру үшін 300 мыңнан астам жаңа блок қолжетімді болады.

Лицензияларды алуға арналған өтініштер minerals.gov.kz жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде қабылданатын болады.

Өтініш беру кезінде көмек көрсету мақсатында Министрлік ғимаратында (Transport Tower, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 1 қабат) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған 1 қабатында.

Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында тіркелу және онымен пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

– https://youtu.be/aSUA0M55czk (электрондық пошта арқылы тіркелу);

– https://youtu.be/R-kIz-jrZtM (ЭЦҚ кілті арқылы тіркелу);

– https://youtu.be/SEZtit6x1w4 (интерактивті картамен жұмыс жасау);

– https://youtu.be/oEB20uEximo (ҚПҚ барлауға арналған өтінішті беру);

– https://youtu.be/tO4udfIt6S4 (ҚПҚ өндіруге арналған өтінішті беру).

Басқа жаңалықтар

Back to top button