Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Майя Бекбаева және Закиржан Кузиев бұл қызметті 2020 жылдың 11 қарашасынан бастап атқарған.