PoliticsБасты

Бейбіт Атамқұлов Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрімен кездесті

ҚР ИИДМ басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрімен кездесу өткізді.

2021 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз әл-Фалихпен кездесті.

Тараптар өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, азаматтық авиация, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар екі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін тікелей әуе рейстерін ашу туралы келісті.

Сондай-ақ, саудиялық тарап қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі кейбір өндірістік компанияларды таныстырды.

Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға және әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button