Economy

Сенатта Өнеркәсіпті дамыту қорының қызметін жақсарту тетіктері талқыланды

Сенатта Өнеркәсіпті дамыту қорының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдар өкілдерімен кездесу болды. Онда сенаторлар Қордың жұмысы, қаржыландырылуы, сондай-ақ қызметін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Шараға дайындық аясында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерімен және сарапшылармен төрт жұмыс кездесуін өткізген болатын.

Кездесуге Сенат депутаттары, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Атамекен» ҰКП басшылығы қатысты.

Шараның қорытындысы бойынша Қор қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді, олар бұдан әрі жұмыс істеу үшін Үкіметке жіберілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button