«Соңғы үш жылда елімізде өнер саласы мемлекеттің басты назарында келе жатқаны анық. Өнерді ессіз сүйіп қызмет ететін жандар үшін кешегі «Халық әртісі» құрметті атағын қайта қарастыруды тапсырғанының өзі президентіміздің өнер мен мәдениет саласы қызметкерлерінің көптен көкейінде жүрген мәселесін дөп басты. Естігенде қуанбаған өнер адамы болмаған шығар сірә да. Басқа саланы айтпағанда, мәдениет пен өнердің өзінде қызметкерлердің еңбекақысының көтерілуі, өнер мекемелерінің «Ұлттық» мәртебе алуы сынды т.б. оң өзгерістер жетерлік. Бүгінде шығармашылықпен айналысамын деген жанға түрлі бағдарламалар арқылы жан – жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мен өнердің өкілі болғандықтан өз салам арқылы елдің ертеңгі болашағы үшін, бүгін жасалынып жатқан нақты қадамдарды көре отырып президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қасында қолдау көрсетсем деп есептеймін. Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдау – менің өмірімдегі ең сәтті және басты шешімдерімнің бірі болмақ!» – биші, Халықаралық би байқауларының лауреаты Шұғыла Сапарғалиқызы.