PoliticsБасты

Жезқазғанның әкімі отставкаға кетті

Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров қызметінен кетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп құрмет көрсетті.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шешім оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты қабылданған.

Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен әріптестері атқарған жұмысы үшін Қайрат Әбсаттаровқа алғыстарын білдірді.

Жезқазған, Жезқазған әкімі, Ұлытау облысыСурет: Instagram/akimatzhez

Қаламыз көркейіп, облысымыз гүлдене берсін деп тілеймін. Туған өңір мүддесі мен үшін әрқашанда қымбат. Жезқазғаным менің мәңгі жүрегімде, – деп жазды Әбсаттаров Facebook парақшасында.

Қайрат Әбсаттаров бұл қызметке 2020 жылғы тамызда тағайындалған еді.

22 маусымда Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков отставкаға кеткен болатын. Ол барлығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзі қала әкімі қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button