TechБасты

Елімізде интернеттің жылдамдығы 29%-ға өсті

Былтыр Speedtest Global Index бойынша әлемдегі орташа интернет жылдамдығы айтарлықтай өсті. Осылайша, тіркелген кең жолақты ғаламтор жылдамдығы 32,1%-ға өсіп, 113,25 Мбит/с (айына + 2,7%) құрады, деп хабарлады Elorda.info finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте мобильді интернет жылдамдығы биылғы қыркүйек айында орта есеппен 63,15 Мбит/с дейін (айына + 11,3%), яғни 75,6%-ға өсті.

Қазақстанда да өткен жылмен салыстырғанда интернеттің орташа жылдамдығы айтарлықтай өсім көрсетті.

2021 жылдың қыркүйек айының соңында кең жолақты интернет жылдамдығы 63,28 Мбит/с-қа (жылына 28,8%-ға) жетті. Өз кезегінде мобильді интернет жылдамдығы 31,74 Мбит/с дейін өсті (жылына бірден 58,9%-ға).

Айта кететіні Қазақстанда тіркелген интернет жылдамдығының тұрақты өсіп келе жатқанына және күткендей мобильді интернет жылдамдығынан екі еседен астам жоғарылағанына қарамастан, қызмет құны әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады. Интернет құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан жетекші орындардың бірін алады.

Осылайша, еліміз бойынша тіркелген кең жолақты интернет пакетінің орташа айлық құны 11,5 долларды құрайды. Еліміз сауалнамаға қатысқан 169 елдің ішінде 7-ші орында.

Осы талап бойынша «ең арзан» елдердің ТОП-10-ына ТМД-ның тағы төрт мемлекет – Украина (1-орын), Ресей (2-орын), Беларусь (6-орын) және Молдова (8-орын) кіреді.

Қызметтердің ең жоғары бағасы Мавританияда (айына 773,2 доллар), Бурундиде (359,2 доллар) және Комор аралдарында (281,5 доллар) тіркелді.

Мобильді интернет құны бойынша Қазақстан 169 елдің ішінде 5-ші орында. ТМД елдері арасында ТОП-10-ға сондай-ақ Ресей (3-орын), Қырғызстан (7-орын) және Украина (9-орын) кіреді.

Рейтингтегі ең «қымбат» елдер Бермуд аралдары, Экваторлық Гвинея, Тринидад және Тобаго.

Шындығында, тіркелген кең жолақты интернет үшін де, мобильді интернет үшін де әлемдегі «ең арзан» ТМД елдері, ал ең «қымбат» Африка елдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button