SocialБасты

Жол құрылысындағы битумдардың сапасын арттыру үшін оңтайлы жағдайлар анықталды

«ҚазжолҒЗИ» АҚ зерттеу нәтижелері бойынша резеңке үгіндісін қоса отырып, гудронның тотығу процесінің оңтайлы шарттары анықталды. Осылайша, асфальтбетон қоспаларын дайындау үшін минералды бөлшектің құрамы таңдалды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

Алынған битумдардың сапасын жақсартуға және температураны төмендетуге, сондай-ақ уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін технология гудронның тотығу процесінің қолайлы шарты болып табылады.

Тәжірибелі учаске Алматы қаласының автомобиль жолында орналасқан. Өткен жылдың қараша айынан бастап «Асфальтбетон¬-1» ЖШС зауытында гудронды тотықтыру және оның негізінде резеңке үгіндісі мен асфальтбетон қосу арқылы дайындалған модификацияланған битумның тәжірибелік партиясы өндірілді. Бүгінгі таңда Б типті асфальтбетон қоспасының 123 т. тәжірибелі партиясы шығарылды.

Зертханалық зерттеу барысында тотыққан әрі модификацияланған битум негізінде асфальтбетон қоспасының құрамы таңдалғанын атап өткен жөн. Осылайша, «Асфальтобетон-1» ЖШС зауытында тотыққан түрлендірілген битум партиясы шығарылып, еліміздің оңтүстік өңірінде тәжірибелі учаске салынды. Өз кезегінде, бұл тәжірибе жүргізілетін жағдайларды қолданыстағы шынайы жағдайларға жақындатуға, тотыққан модификацияланған битумды қолдана отырып, битумды байланыстырғыштарды таңдауға мүмкіндік берді.

Айта кетерлігі, 2022 жылдың мамыр айында тәжірибелік учаске базасында мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша тотыққан битум қолданылған асфальтбетон жабыны сапалы, сондай-ақ жабынның тегістігі барлық талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

Алынған нәтижелер мен тәжірибелік учаскенің мониторингі негізінде «Тотыққан модификацияланған битум өндіру технологиясы бойынша ұсынымдар» жобасының бірінші редакциясы әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button