PoliticsБасты

17 маусымда Мәжілісте Парламенттік тыңдау өтеді

17 маусымда Мәжілісте Парламенттік тыңдау өтеді.

Тақырыбы: Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары».

Парламенттік тыңдауға Мәжіліс пен Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, су саласының ғалымдары мен мамандары, шетелдік және отандық сарапшылар, Парламентаризм институтының, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен БАҚ өкілдері қатысады.

Отырыста су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ресурстарын пайдалану, қабылданып жатқан шаралар мен Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Парламенттік тыңдаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне су саласындағы ахуалды жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады.

Парламенттік тыңдау Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану, Экономикалық реформа және өңірлік даму мен Аграрлық мәселелер комитеттерінің ұйымдастыруымен өтеді.

Парламенттік тыңдау Мәжілістің жалпы отырыс залында сағат 10:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button