Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл арзандады.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 мамыр кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,09 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 21 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,21 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 429,64 теңгеден сатылса, ал сатып алу – 428, 12 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 427,38 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 428,44 теңге.