SocialБасты

Қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары әзірленді – ҚР ИИДМ

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірледі, деп хабарлайды ҚР ИИДМ.

Аталған шара қолайлы әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыру мен құрылыс салу барысында жаңа тәсілдерді дамыту, қала құрылысы регламенттерін сақтау, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және инфрақұрылымдық проблемаларды болдырмау мақсатында туындап отыр.

Өз кезегінде стандарттардың енгізілуі қалаларды дамытудың халықаралық нормативтеріне көшіп, қаланың келбетін қалыптастыруға және оның тарихи құрылысын сақтап қалуға, қала дамуының заманауи модельдерін қолданып, тұрғындардың жайлылығы үшін қоғамдық кеңістік құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда құжаттың жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен, сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, заңды тұлғалар және жобалау ұйымдары қауымдастығымен келісіліп, Комитеттің ғылыми-техникалық кеңесінің қарауында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button