PoliticsБасты

Президент мәслихат депутаттарының әкімдерді тағайындауға келісім беруі туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Жарлық мәтінінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button