EducationБасты

Ақмола облысының 311 мектебі оқу жылын штаттық режимде бастайды

Ақмола облысында 3 мыңнан астам бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтiнiшi бойынша 15 оқушыдан аспайтын кезекшi сыныптар жұмыс iстейтiн болады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Өңiрiмiздегi эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыстың 554 мектебiнен 18 мыңға жуық оқушы контингентi бар және шалғайда орналасқан ауылдық шағын жинақты 311 мектеп қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, жаңа оқу жылын штаттық режимде және 243 мектеп 115 мыңға жуық оқушымен, оқу жылын қашықтықтан бастайды деп жоспарлануда»,- делінген әкімдіктің ресми сайтында.

Бұл туралы әкiмдiк отырысында облыстық бiлiм беру басқармасының басшысы Б.Жүсiпов хабарлады. Бұл ретте, 3 мыңнан астам бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтiнiшi бойынша 15 оқушыдан аспайтын кезекшi сыныптар жұмыс iстейтiн болады, оларда 48 мыңнан астам оқушы оқи алады.

Облыстың барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерi жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Облыста 16 мыңнан астам компьютерлiк техника бар, бүгiнгi күнi 1,6 мың компьютер сатып алынды, ал 1 қыркүйекке дейiн жергiлiктi бюджет есебiнен 235 бiрлiк техника сатып алынады. Сондай-ақ Үкiмет резервiнiң қаражатынан 23 мыңнан астам дана компьютерлiк техника сатып алынатын болады. Бiрiншi кезекте осал санаттағы балаларды компьютермен қамтамасыз етедi, олар: 5,6 мың аз қамтылған отбасылар, 1,2 мың жетiм балалар, 6,3 мың ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балалар, оның iшiнде 384-i үйде оқиды. Балабақшалардың жұмысы кезең-кезеңмен қайта жанданып келедi, 159 мектепке дейiнгi ұйымда 411 кезекшi топ ашылды. Бiздiң облыстың 32 колледжiнде «Баршаға арналған тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм беру» жобасы шеңберiнде жаңа оқу жылында бюджет қаражаты есебiнен шамамен 6 мың студент қабылданатын болады, ал саны жағынан шағын, шалғайларда орналасқан 8 колледжде шамамен 1 мың студент штаттық режимде оқитын болады.

«Барлық жергiлiктi атқарушы органдар бiлiм беру ұйымдарындағы оқытудың түрлi форматтарына уақытылы дайындау бойынша шаралар қабылдауы, сондай-ақ барлық мектептердi дезинфекциялау және санитарлық қауiпсiздiк құралдарымен жеткiлiктi қамтамасыз етуi тиiс», – деп атап өттi облыс әкiмi iс-шараны қорытындылай келе.

Басқа жаңалықтар

Back to top button