PoliticsБасты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі азаматтарды қабылдады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары сұрақтарын қойып, өз шағымдарын айтты. Қабылдауға сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов пен қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Серікбаев қатысты.  

Өтініш берушілерден келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты болды. Мәселен, М.Құсайынова үй құрылысының сапасына шағымданды. Бүгінгі таңда азаматша мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз етілген, дегенмен үйдің сапасына көңілі толмайтынын айтып жеткізді. Е.Дауылбаев сөз кезегінде бұл мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне М.Құсайынованың мәселесін толығырақ зерделеу бойынша тапсырма берілгенін тілге тиек етті. Айта кетерлігі, пәтер беру мәселесі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес қаралады. 

Қабылдауға жазылған Н. Бердібаева вице-министрден тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке қою ережелері туралы сұрады. Оның айтуынша, бұған дейін азаматшаның елордада тұрақты негізде тіркелмеуіне байланысты құзырлы органдар есепке қоюдан бас тартқан. Тұрғын үй мәселесін арқалап келген азаматшаға үй коммуналдық тұрғын үй қорынан кезек бойынша және объектілердің пайдалануға берілуіне қарай үлестірілетіні айтылды. Пәтер беру мәселесі қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес кезек бойынша қаралатын болады. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін ИИДМ өкілі қолданыстағы тұрғын үй бағдарламаларының бірін пайдалануды ұсынды.

Бұл күні қабылдауға мектеп пен балабақша салу мәселелері бойынша елорда тұрғындарының бастамашыл тобы жазылды. Аталған мәселе шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атына әкімдік қаулысының күшін жою мәселесін қарау қажеттігі туралы хат жолдаған. Өз кезегінде, елорда әкімдігі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салу бойынша шешім қабылдады.

Ш. Туктарова қаладағы Кенесары-Асан қайғы көшелерінің қиылысындағы мектеп ғимаратының орнына тұрғын үй кешенінің салынуына қатысты мәселе көтерді. Айта кетерлігі, қала әкімдігі бұл мәселені қаланың аталған бөлігіндегі кешенді құрылыс жұмыстарына жеке инвесторларды тарту арқылы шешуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Иманов және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында 1200 орынға шақталған мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда білім беру ұйымының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланған. 

Қабылдау барысында келіп түскен барлық өтініш бойынша түсініктемелер берілді. Жекелеген өтініштер бойынша консультативтік және заң тұрғысынан көмек көрсетілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button