EducationБасты

«Nur-Sultan debat cup 2020» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтанда «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар, қаржылай сыйлық және бағалы заттар табысталды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қашан да пікірсайыс дүниесі адамның өрісіне, ой жетегіне байланысты болады. Өздеріңіздей жастар осындай акцияларға қатысып биіктерден көрінуі үлкен мәртебе. Мемлекет басшысы айтқандай, еліміздің болашағы – жастар. Сол себептен де осы жерден тоқтамай, алдағы таңда осындай пікірсайыс турнирлерін жиі ұйымдастырып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтап, алға қарай ұмтыла беру қажет. Алдағы уақытта болашақ біздің көшбасшыларымыз бен болашақ зияткерлерімізге тек қана сәттілік тілеймін», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.

Пікірсайыс 12 қазанда басталып, 25 қазанға дейін созылған. Турнирге Нұр-Сұлтан қаласының 16 жоғары оқу орыны және 35 орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысқан.

«Біз дамушы демократиялық елдердегі пікірсайыс институтындай бола аламыз және қазір жасап жатқан дүниелеріңіз соған бір қадам жақындата береді. Сіздерге тек қана сәттілік! Сіздерден болашақ саясаткерлер шығатынына сенімдіміз», – деді Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының президенті Болат Бұхарбай.

Пікірсайыс ҚР Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Шара барысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күніне орай тақырыптар қозғалған.

Айта кету керек, турнир ZOOM алаңында онлайн-режимде өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button