Басты

Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет үш облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қостанай облысы 18 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: таңертең және күндіз 18 маусымда найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы Күндіз 18 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Көкшетау қ.: 18 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады күндіз екпіні 15-18 м/с. Шығыс Қазақстан облысы 18 маусымда

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршак, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button