SocialБасты

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов қамауға алынды

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.

Оларға Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрып, халықты алдады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қаржы пирамидасы ісіне қатысты тағы үш күдікті анықталды. Олар – Mudarabah Capital серіктестігінің мүшелері, сот шешімімен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған Ш. және Т. есімді азаматтар. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу кезеңінде үйқамақта болған М. және К. есімді азаматтар да қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button