SocialБасты

Еңбек инспекторлары 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 983 кәсіпорнында 27,7 мың жұмыскер алдында 3,5 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 657 нұсқама беріліп, 88,7 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,4 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 5,4 мыңнан астам фактісі анықталып, 157,7 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button