FinanceБасты

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 100-ден астам өнім түрі шығарылады

Өндірілген тауарлар Жапония, Оңтүстік Корея, ҚХР, ГФР, Италия, Польша, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейге экспортталады.

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы 2011 жылы құрылды. Инвестициялық портфель 342,6 млрд теңгені құрайтын 50 жобадан тұрады.

Аталған экономикалық аймақ жұмыс істеп тұрған аралықта АЭА кәсіпорындарында 1805 жұмыс орны ашылып, 84,6 млрд теңге инвестицияланған. Оның ішінде, 21 млрд теңге шетелдік инвестициялар. Жалпы арнайы экономикалық аймақта 208,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ретте дайын тауарлар экспортының көлемі 103 млрд теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда «Павлодар» АЭА «World Free Zones Organization» Дүниежүзілік еркін аймақтар ұйымының толық құқықты мүшесі болып табылады және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсе мәртебесіне ие. 

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында химия, мұнай химиясы, металлургия және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жобаларды іске асыруға бағдарланған инвесторлар үшін ерекше құқықтық режим белгіленген.  Мәселен, бұл жерде каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы және натрий гипохлоритінің отандық өндірушісі «Каустик» АҚ, автокөліктерге арналған жеңіл балқитын алюминий дискілерін өндіруші «Вектор Павлодар» ЖШС, мотор майлары мен майлауға арналған материалдарды өндіретін компания «Evooil Kazakhstan» ЖШС, белсендірілген көмірді өндіруші «RTF-Actica» ЖШС және басқа да өндіріс орындары нәтижелі жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button