Президент бүгінгі Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырғанын айтты.
Оның айтуынша, бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген.
«Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті», дейді ол.