SocialБасты

Шенеуніктердің ҚХР-ға жоспарланған іс-сапарларына шектеу қойылды

Халықаралық іссапарлардан бөлек халықаралық спорттық іс-шаралар да өткізілмейтін болды.

«Коронавирусқа байланысты шенеуніктер Қытайға іссапарға бармайтын болды», – деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды zakon.kz.

– Халықаралық кең көлемді іс-шаралардың шектелуіне байланысты Үкімет ҚХР-ға жоспарланған демалыс сапарларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің іс-сапарларын да шектеу туралы шешім қабылдады, – деді Бекшин.

Ол іссапарлардан басқа барлық халықаралық спорттық іс-шаралар, оның ішінде халықаралық теннис турнирі де өткізілмейтін болғанын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button