SocialБасты

Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы табысы 5,4% артты

Finprom.kz сайты халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 3 тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 105,3 мың теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға көбірек. Сонымен бірге, осы кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 5,4%-ға өсуін ескерсек, халықтың ақшалай кірістері нақты көріністе 5,4%-ға өсті», – деп жазылған сайт хабарламасында.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда атаулы өсім 1,4%, нақты өсім – 0,7% құрады.

Орташа алғанда, соңғы бес жылда халықтың атаулы ақшалай табысы жылына 10,9%-ға артқан.

2019 жылдың үшінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысының ең жоғары көрсеткіші Атырау облысында тіркелген: 221,3 мың теңге көрсеткіші орташа республикалық деңгейден 2 есеге артық. Бұл өңірдегі атаулы ақшалай табыстың нақты өсімі жылына 8,9% құрайды.

Атаулы ақшалай кірістер бойынша екінші орында елорда тұр (169,5 мың теңге). Нақты көріністе бұл қалада жылына 9,3%-ға өсім бар. Үздік үштікті Алматы қаласы түйіндейді (150,4 мың теңге). Инфляцияны ескерсек, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% көп.

Сонымен бірге, Маңғыстау (141,9 мың теңге) және Қарағанды (107,7 мың теңге) облыстары жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс бойынша алғашқы бестікке кірді. Ал Түркістан облысы ең төменгі кірісі бар аймақ болып қала береді, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейдің 47,7% құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button