Швецияда болған жол апатынан суретші Ларс Вилкс қайтыс болды. Бұл туралы EURONEWS жазды.
Ол 2007 жылы Мұхаммед пайғамбардың басын иттің денесімен қосып, карикатура жариялағаннан кейін танымал болды.
«Аль-Каида» террористік ұйымы Вилксті «Исламның басты жауларының» тізіміне қосып, оның басы үшін 100 мың доллар сыйақы тағайындады.
Айта кетейік, жол апатының салдарынан Вилкспен бірге екі қауіпсіздік агенті қайтыс болды.