Басты

Қазақстанда сүт қымбаттады

Қазақстанда 2020 жылы сүт бағасы 9 %-ға өсті. Сарапшылар елдегі сүт өндірісінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Energyprom.kz сайты

Зерттеушілердің айтуынша, республика бойынша қаңтар айында сүт бағасы 0,4 %-ға, ал 2020 жылы 9%-ға қымбаттаған.

Қазақстан 2020 жылы 598,5 мың тонна сүт пен кілегей өндірді. Бұл былтырмен салыстырғанда 7,5 %-ға көп. Ал 2021 жылдың қаңтарында республикада сұйық сүт пен кілегей өндірісі 49,7 мың тоннаға артты, былтырғыдан 10,5 % көп.

«Өңірлер бойынша барлық сүт өндірудің үштен бірі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі: 16,2 мың тонна. Одан кейін Алматы және Ақмола облыстары тұр», – деп жазды мамандар.

2021 жылдың қаңтарында сиыр сүті былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,8 %-ға артық өндірілген.

«Өңірлерге бөлгенде жалпы өнімнің жартысы Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі. Солтүстік Қазақстан облысы 7,7 % ғана сиыр сүтін өндірген»,- деп толықтырды сарапшылар.

Айта кетейік, сүт пен кілегей импорты да жылына 28,7 %-ға артты. Елде сиырдың шикі сүтін өндіру бір жыл ішінде 5,9 %-ға азайды. Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары алда тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button