AgroБасты

Фермерлерге 120 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыш жеткізілді – ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шаруаларды тұқыммен, тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз ету туралы ақпаратпен бөлісті.

Бүгінгі таңда өңір әкімдіктерінің деректері бойынша 2,4 млн тонна тұқым себілген (жоспардың 100,2%). Оның 2 млн тоннаға жуығы дәнді дақыл, 80,5 мың тоннасы майлы дақыл тұқымы.

Сондай-ақ, фермерлерге 117,6 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілді. Жергілікті бюджеттерден оларды сатып алуды субсидиялауға 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, облыс әкімдіктері биыл пестицидтерді сатып алуды субсидиялауға 30,6 млрд теңге бөлген.

2021 жылы тұқым шаруашылығын қолдауға 11,8 млрд теңге бөлінді, бұл 82 мың тонна элиталы тұқым мен 3,8 млн дана көшет сатып алуға жететін қаржы.

Бүгінгі таңда Алматы, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында субсидиялауға өтінімдер қабылдануда. Жақын арада БҚО және СҚО-да өтінімдер қабылдана бастайды. Қалған өңірлерде субсидиялар тізімі мен нормаларын бекіту аяқталып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button