Басты
Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды
Ғалымдар коронавирус пен ұйқы безі арасында байланыс барын анықтады. Бұл туралы Gastroenterology журналында жарияланған зерттеуде айтылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz
Ливерпуль университеті ғалымдарының зерттеуіне қарағанда, COVID-19 жұқтырған науқастардың көбінде артық салмақ болған, яғни семіздікке ұшыраған. Сондай-ақ, олардың қан құрамында қант көп болғаны анықталған.
Бұдан бөлек, ғалымдар ол науқастардан панкреатит байқаған. Осылайша, зерттеу авторлары ұйқы безі аурулары коронавирустың алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін деген қорытындыға келді.