Басты
Павлодарда әскери ант онлайн режімде қабылданды
Ант беру рәсімі ҚР Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімшесінде өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.
Бөлімшенің тәрбие және әлеуметтік жұмыс тобының бастығы Аңсар Шәкенов атап өткендей, осы рәсім кезінде 150 жас ұлан Отанға деген адалдығы туралы ант қабылдады.
– Карантинге байланысты ант қабылдауды онлайн-режимде өткізуді шештік, – дейді Аңсар Шәкенов. – Тікелей эфирге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облысы қатысты. Барлығы мыңнан астам жазылушылар : сарбаздардың ата-аналары мен жақындары рәсімді онлайн тамашалады
Іс-шара әскери бөлімшенің аумағында өтті.