PoliticsБасты

«Елбасы Медалінің» иегерлері марапатталды

Кеше Алматы қаласы бойынша «Елбасы Медалі» медалінің иегерлері марапатталды.

Медальмен 199 қатысушы марапатталды. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар бар.

Жалпы, биылғы жылы мамыр айында бастау алған жобаға барлығы 2464 өтінім келіп түсті. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша бағдарламада 1064 қатысушы өз бақтарын сынап отыр.

Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша 261 қола медаль иегері наурыз айында, 15 қатысушы қазан айында марапатталған болатын. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша бағдарламаның 51  медаль иегері мемлекеттік грант ұтып алды.

Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысы негізінде бекітілген, балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын» орындау мақсатында еліміздің ең ауқымды челленджі болып саналатын «Елбасы медалі» бағдарламасы Алматы қаласы бойынша бастау алған болатын.

«Елбасы медалі» бағдарламасын «El Umiti» бастамасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры және «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры жүзеге асыруда. Жобаны ұйымдастырудағы серіктестердің бірі – «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы  және «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ.

«Елбасы медалі» бағдарламасы Қазақстанның балалары мен жастарына бағытталған, ондағы мақсат – жастарды қоғам мен мемлекет өміріне белсенді қатысуға тарту. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, өздерінің даму жоспарларын іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға көмектеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button