FinanceБасты

Зейнеткерлер мамыр мен маусым айында неге екітүрлі зейнетақы алды

Зейнеткерлер мамыр мен маусым айында неге екітүрлі зейнетақы алды – ресми жауап

Бұл арадағы айырма сәуір айында 5 проценттік индексациялау кезінде қосылмай қалған төлемнен туындаған.

Неліктен мамыр айына қарағанда маусымда қазақстандық зейнеткерлер аздау ақша алды? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл арадағы айырма сәуір айында 5 проценттік индексациялау кезінде қосылмай қалған төлемнен туындаған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылдың 30 наурызында жылдық мөлшері 10%-ке зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары қосымша қайта есептелді. Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы 5% -ға, ал жасына байланысты зейнетақы 7% -ға көтерілсе, ал 1 сәуірден бастап барлық төлемдер тағы 5% -ға артты», – деп түсіндірді министрліктегілер.

Жоғарыда айтылғандай, сәуірде өсім автоматты режимде (қосымша құжаттарды талап етпестен) жүргізілді, ал мамырда зейнеткерлер осы өсім бойынша зейнетақы алды.

Сонымен қатар, сәуірде алмаған жаңа және ескі мөлшердің арасындағы айырмашылық мамыр айында кезекті зейнетақыға қосылып, төленді.

Мысалы, егер 2020 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері (кәрілік бойынша зейнетақы + базалық зейнетақы) 90 400 теңгені құраса, осы жылдың 1 сәуірінен бастап бұл зейнетақының жаңа мөлшері 94 920 теңге (90 400 теңге + 5% өсім) болды. Сонымен қатар, мамыр айында төлем 99 440 теңгені құрады (94 920 теңге + сәуір айындағы қосымша төлем 4520 теңге). Маусымда зейнетақы төлемдері қайта белгіленген 94 920 теңгені құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button