AgroБасты

Қазақстанда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны басталады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл – ауқатын жақсарту мақсатында 1 қазаннан бастап «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» марафоны басталды.

Марафон отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық қолөнерінің элементтерін сақтау және көрсету, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында өткізіледі.

Іс-шара аясында отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері мен өнімдерінің көрме-жәрмеңкелерін ұйымдастыру, деректі фильмдер түсіру, ауыл еңбеккерлерінің,  еңбек ерлерінің, ғалымдардың, ауыл және аудандардың құрметті азаматтарының қатысуымен ауыл өмірі туралы мақалалар жариялау жоспарлануда.

 Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұйымдастырылатын іс-шаралар негізінен ауыл шаруашылығы тауарларын ішкі және сыртқы нарықтарға жылжытуға, азаматтарды ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізілген жетістіктермен таныстыруға, қазақстандық мемлекеттілікті сақтауға және нығайтуға, Қазақстан азаматтарының бірлік және патриотизм сезімдерін күшейтуге бағытталатын болады.

Іс-шаралар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2021 жылғы 1-31 қазан аралығында қалаларда, аудандар мен ауылдарда өткізілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button