Алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды, деп хабарлайды ktk.kz.
«Сенбі және жексенбі күндері көптеген тұрғындар суға түсуге барады. Бұл адамдардың бір жерге көптеп жиналуына әкеп соғады. Сондықтан, Алматы облысының санитарлық қызметі мобильді постар қойды. Қапшағай су қоймасына апаратын жолды жапты. Сөйтіп адамдардың жаппай жиналуының алдын алды. Бұл – дұрыс шешім», – деді онлайн-брифинг барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол судың суық екенін айтты.