Токио олимпиадасының футбол турнирінде бақ сынайтын барлық құрама белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Дүбірлі додада барлығы 16 құрама жасыл алаңға шығады. Олардың арасында Еуропадан – Франция, Германия, Испания, Румыния; Азиядан – Австралия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы; Оңтүстік Америкадан – Бразилия, Аргентина; Солтүстік Америкадан – Мексика мен Гондурас; Африкадан – Египет, Кот-д’Ивуар; Оңтүстік Африка, мұхит аймағынан Жаңа Зеландия қатысады.
Сондай-ақ олардың қатарына айтулы аламанды өткізетін ел ретінде Жапония құрамасы қосылады.