FinanceБасты

Еліміздегі 16 мың шақырым автожолға мониторинг жүргізіледі

Жыл соңына дейін еліміздегі 16 мың шақырым автожолға мониторинг жүргізіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Жол активтері сапасының ұлттық орталығы трассалардың нақты жағдайына баға беру шараларына кірісіп кетті, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Осы ретте олардың техникалық жағдайы анықталып, олқылықтар туралы деректер жиналған тізімдеме жасалады. Қауіпсіздік бойынша рейтингі де құрылмақ. Бұл бағытта заманауи жабдықтарды қолдану көзделіп отыр. Олар жұмысты тез әрі сапалы жүргізуге, автомобиль жолдары мен жасанды құрылымдардың жағдайы туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгінге дейін магистральдардың 800 шақырымы диагностикадан, 1 мыңнан астамы тиісті зерттеуден өткізілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button