ӘлемБасты

Мемлекет басшысы Душанбе қаласына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Қазақстан Президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады», – деп жазды Берік Уәли.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button