SocialБасты

ШҚО-да ұзындығы 500 шақырым болатын иесіз электр желісі сенімгерлік басқаруға беріледі

ШҚО әкімдігі бес жүз шақырымдық иесіз электр желісінің құжаттамасын қалпына келтіріп, облыстық энергетикалық компанияның сенімгерлік басқаруына береді, деп хабарлады аймақ әкімі Даниал Ахметов энергия қауіпсіздігі мәселелеріне арналған отырыста, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы аймақтың энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шешудің кешенді жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жаңа электр желілерін тартып, ескісін қайта жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп жатқанын атап өтті. Ең алдымен елді мекендердегі халықтың тұрмысына тікелей қатысты желілер түгенделіп, тексеріледі.

Сонымен қатар, аймақта ұзындығы 500 шақырымнан асатын иесіз желілердің мәселесі шешілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ШҚО әкімдігі иесіз желілердің 494 шақырымын облыстық энергетикалық компанияның сенімгерлік басқаруына беру үшін заңдық базаны дайындап қойды.

Облыс әкімінің айтуынша, қалған иесіз желілерге арналған құжаттама оларды қалпына келтіру құнын есептеу жұмысымен қатар дайындалатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button