EcoБасты

Республика бойынша 4 763 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Өткен сенбіде бірқатар өңір рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Республика бойынша 4 763 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында осы мәселе бойынша тапсырма берген болатын. Оны орындау шеңберінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және олардың пайда болуының алдын-алу бойынша ауқымды іс-шара ұйымдастырды.

Бірінші рейд 24 маусымда жасалды және оны бір мезгілде Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары өткізді.

Рекреациялық аймақтарға экология департаменттерінің, әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері және 30-дан астам эковолонтерлер шықты.

Бір күндік жұмыс нәтижесінде 20 заңсыз қоқыс орны анықталды, олардың 13-і сол күні жойылды. Сонымен қатар, 6 ескерту беріліп, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button