ӘлемБасты

Гаити президентінің өліміне күдіктілер ұсталды

Гаити Ұлттық полициясы ел Президенті Жовенель Моизді өлтірді деген күдікпен бірнеше адамды ұстады. Бұл туралы сәрсенбіде Республиканың Мемлекеттік хатшысы Франц Экзантюс Twitter-де жазды, деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігі.

«Президент Жовенель Моизді өлтіргендерді Ұлттық полиция бүгін сағат 18:00 шамасында ұстады. Толығырақ ақпарат алдағы бірнеше минутта беріледі», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Гаити Президенті Жовенель Моиз 7 шілдеге қараған түні өз резиденциясына белгісіз адамдардың шабуылынан қаза тапқандығын хабарлаған болатынбыз. Шабуыл кезінде елдің бірінші ханымы Мартин Моиз да жарақат алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button