FinanceБасты

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Мәжілісте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қаншалықты көтерілетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыға оң әсер етеді.

Инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін қосымша тағы 4%-ға индекстеу көзделіп отыр, жиынтығында барлық әлеуметтік төлемдердің 9%-ға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Бұл өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыларды қамтиды, – деді Ералы Тоғжанов.

Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button