Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылып, ҚР Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.