Басты

Қазақстанның машина жасау саласында қарқын өсім көрсетіп отыр

2020 жылдың 7 айының қорытындысында машина жасау саласында өндіріс көлемі 13,9 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 13,9 пайызға өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 45,1 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 3,4 пайызға, өзге көлік құралдарын жасау 113,8 пайызға, электр жабдықтарды жасау 0,2 пайызға артты. Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 23,2 пайызға ұлғайды», – дед ол.

Министрдің дерегінше, жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 7,3 пайызға өсті.

«Көлік саласында нақты көлем индексі биылғы 2020 жылдың қантар-шілде айларында 84,4 пайызды құрады. Контейнерлердің транзиттік тасымалдарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 пайызға артты және 483,1 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 7,5 пайызға төмендеді және 2,1 млрд тонна құрады», – деді Бейбіт Атамқұлов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button