17-18 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.
Көкшетауда найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавлда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.
Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
17-18 тамызда Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік–батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
17 тамызда Маңғыстау облысының кей жерінде найғазай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 17 тамызда Атырау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.