Басты

Қазақстан мен Ресейдің жасөспірімдер құрамасы шахматтан онлайн матч өткізді

16 жасқа дейінгі Қазақстан мен Ресейдің жасөспірімдер құрамасы арасында өткен шахматтан халықаралық онлайн матч мәресіне жетті.

Жарыстың жалпы қорытындысы 45:31 есебімен ресейлік шахматшылардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Жеңіс тұғырынан көріне алмаса да, біздің шахматшылар соңына дейін табандылық көрсетіп, қызықты ойын өткізді.

Ресей құрамасында Володар Мурзин (11,5 ұпай), Қазақстан құрамасында Нөгербек Қазыбек (7,5 ұпай) үздік нәтиже көрсетті. Қыздар арасында ресейлік Лея Гарифуллина (8,5 ұпай), қазақстандық Меруерт Қамалиденова (9 ұпай) жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, жекпе-жектердің бірінде Меруерт ресейлік ең мықты жасөспірім Володар Мурзинді жеңді.

Әр командада 16 жасқа дейінгі 5 шахматшы болды. Қазақстан құрамасы атынан Нөгербек Қазыбек, Аңсат Алдияр, Жүкенов Айтуар, Балабаева Ксения және Меруерт Қамалиденова қатысты. Ресей құрамасынан Мурзин Володар, Макарян Рудик, Цветков Андрей, Гарифуллина Лея және Якимова Мария өнер көрсетті.

16 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 2020 жылғы 7 маусымда Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Lichess.org ойын платформасында өтті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button