Токио-2020 Олимпиадасының Президенті Сэйко Хасимото Ойындардың өтетінін жүз пайыз сенімділікпен хабарлады, бірақ коронавирусқа байланысты жағдай өршіп кетсе ойындар көрермендерсіз өтуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы BBC жазды.
Кейінге қалдырылған Токио Олимпиадасының басталуына 49 күн қалды, ойын 23 шілдеде басталады.
Қазір Жапонияда коронавирустың төртінші толқыны жүріп жатыр, сондықтан елдің 10 аймағында Төтенше жағдай режимі енгізілген.
Токио-2020 Олимпиадасының Президенті Хасимото өзінің BBC Sport-қа берген сұхбатында:
«Қазір негізгі мәселе Ойындардағы қауіпсіздікті одан әрі күшейту болып отыр. Жапондықтар өздеріне сенімсіз, тіпті біздің Олимпиада жайлы әңгімеміз олардың көңілдеріне мүлдем жақпауы мүмкін, сондықтан да болар, Токиодағы ойындарға қарсылық танытушылар күннен күнге көбейіп жатыр», деді Хасимото.
«Біз барлық жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз. Егер Олимпиада барысында коронавирус жағдайы өршіп, бұл Төтенше жағдайға алып келсе, Ойындарды көрермендерсіз өткізуге дайын болуымыз керек», деп жалғастырды Олимпиада директоры.
Атйта кетйеік, жазғы Олимпиада ойындары Жапония астанасында 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Олимпиада күнтізбесі бойынша ойындар өткен жылы өткізілуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдырылды.
Қазіргі жағдай бойынша Жапонияда Covid-19 жұқтырғандар саны салыстырмалы түрде аз. 750 000-ға жуық коронавирус жағдайы тіркеліп, 13 200 адам қайтыс болған.
Бірақ сәуір айында инфекцияның жаңа толқыны басталды, сондықтан елдің кейбір аудандарында 20 маусымға дейін шектеулер бар.
Қазіргі уақытта шамамен 3,6 миллион адам вакцинаны толығымен алды, бұл Жапония халқының 3%-ы.