PoliticsБасты

Даниал Ахметов: Күзге қарай Ақсуат ауылындағы үйлер орталықтандырылған су жүйесіне қосылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Тарбағатай ауданындағы су құбырын салу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Даниал Ахметов жобаны іске асыруға миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін хабарлады. 70 шақырым желінің 50 шақырымы салынды. Қалған 20 шақырымы жаздың соңына дейін аяқталады. Ал, күзге қарай Ақсуат ауылындағы үйлер орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы жобаны биыл толық аяқтауға жұмсалады.

«Ақпарат толық жетпегендіктен ауыл тұрғындары бұл мәселе бойынша маған хабарласуға мәжбүр болды. Халық сумен жабдықтау жобасы аяқталуға жақын екенін білмеген. Тұрғындармен дұрыс жұмыс істегендіктен және азаматтарға нақты ақпарат бермегені үшін Тарбағатай ауданының әкімі ескерту алды», – деді аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, Даниал Ахметов Тарбағатай ауданындағы суармалы жерлерге арналған гидроқұрылыс жобасының төңірегіндегі жағдайға қатысты ақпарат берді. Оның айтуынша, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-ның жобаға уақытында түзету енгізбегеніне байланысты жұмыстар тоқтап қалған.

«Соның салдарынан гидроқұрылыс жобасы аяқталған жоқ және магистральдық каналдарға өзеннен су жетпейді. Осы мәселені жылдам шешу үшін мен шұғыл түрде қаржы-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді және нысан құрылысын аяқтау үшін бюджеттік өтінім беруді тапсырдым. Сонымен қатар, мәселені анықтайтын арнайы комиссия құрылды», – деп атап өтті ШҚО әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button